«e-Salyq Business» мобильді қосымшасы кәсіпкерлерге салық міндеттемесін орындауды жеңілдетеді

27 Желтоқсан 2021, 20:05
2204
Бөлісу:
«e-Salyq Business» мобильді қосымшасы кәсіпкерлерге салық міндеттемесін орындауды жеңілдетеді

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ.  Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін «e-Salyq Business» мобильді қосымшасын іске қосады. 

Бұл туралы  Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Мобильді қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, түбіртектер беруге, кірістер тізілімін автоматты түрде қалыптастыруға, қосымшада есептелген салық міндеттемелерін төлеуге, оның ішінде қызметкерлер үшін, сондай-ақ, алдын ала толтырылған оңайлатылған салық декларациясын ұсынуға және арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық есептілігін тапсырмауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, қосымшада берешекті қарау және төлеу, мемлекеттік кірістер органдарынан хабарламалар алу, сондай-ақ, оңайлатылған тәртіпте жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату бойынша қызметтер қолжетімді. Қосымша «Play Market» және «App Gallery»-де қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы