E-Qurylys-та құрылыс нысанының барлық кезеңі қарастырылады

13 Ақпан 2024, 12:41
538
Бөлісу:
E-Qurylys-та құрылыс нысанының барлық кезеңі қарастырылады
Фото: скрин

Мәжілісте Құрылыс кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы таныстырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кодекс жобасында цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Цифрландыру – жобаны жобалау алдындағы дайындықтан бастап оны пайдалануға дейін құрылыстағы қызметтің барлық дерлік салаларына әсер ететін дербес бағыт. E-Qurylys ақпараттық жүйесінің алаңында құрылыс объектісінің өмірлік циклінің барлық кезеңі қарастырылатын болады, оның негізгі бағыты құрылыс кезеңінде жасалады, - деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин.

Оған процестің ашықтығын мониторингтеу, сапаны бақылау, техникалық қадағалау және авторлық сүйемелдеу есептері, әдістер актілері және нақты орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу және т.б. кіреді.

Дәл осы алаңда тестілеу рәсімі – құрылыс саласының мамандарын сертификаттау және тізілімді автоматты түрде енгізу жүргізіледі. Сондай-ақ цифрландыру жұмысы аясында заңнамалық тұрғыда, жобалау жөніндегі жұмыстардың сапа деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс, құрылыс обектілерінің ақпараттық модельдеу міндеті бекітілген, - деді вице-министр.

Халықаралық тәжірибені қарастыру шеңберінде ұлттық заңнаманың ерекшелігін ескере отырып, Евроодақтың практикасына сәйкес құрылыс саласының инженерлерін сертификаттауды енгізу жоспарланып жатыр.

Бұдан басқа, құрылыс саласында өрескел бұзушылықтарға жол берілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға тыйым салу мүмкіндігімен құрылыс нарығына қатысушылардың ортақ жауапкершілігін белгілеу қарастырылған.

Айта кетейік, Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында құрылыс саласында үлескерлік құрылысқа, ғимараттардың заңсыз әрі орынсыз салынуына қатысты өзекті мәселелер бар екенін айтып, Құрылыс кодексін жетілдіру бойынша тапсырма берді.

Осы тапсырмаға сәйкес, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Құрылыс кодексі жобасының және ҚР кейбір заңнамалық актілеріне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының таныстырылымын өткізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы