ЕҚҚДБ үлкен Алматы айналма жолын салуға 225 млн доллар бөледі

26 Қыркүйек 2019, 20:37
1718
Бөлісу:
ЕҚҚДБ үлкен Алматы айналма жолын салуға 225 млн доллар бөледі

Алматы, BAQ.KZ. Еуропалық қайта құру және даму банкі Үлкен Алматы айналма жолының құрылысына 225 млн долларды қазіргі нарықтық мөлшерлемелік пайызбен береді. Бұл туралы ЕҚҚДБ-ның Орталық Азия бойынша басқарма директоры Бруно Балванера айтты, деп жазды Курсив басылымы.

“Екі апта бұрын біздің директорлар кеңесі Үлкен Алматы айналма жолының жобасын көріп қайтты. Қазан айында 225 млн доллар қарыз беру келісімін қарайтын боламыз. Әрине, өзге де қаржы институттарымен де қаржы берілетін болады. Өйткені бұл жобаның құны 550 млн АҚШ долларын құрайды”, - деді ол журналистермен кездесу барысында.

Балванера сөз арасында Үкімет міндетемелері теңгемен орындалатындықтан аталған банк те қаржыны теңгемен беретінін жеткізді.

“Бұл қаражат арайы құрылған консорциум бойынша 15 жылға қазіргі нрықтық мөлшерлеме пайызымен беріледі. Өкінішке қарай қандай пайызбен берілетінін айта алмаймын, бұл құпия мәлімет. Консорциум бұл жоба бойынша алғашқы жұмысты бастап кетті. Жол бойында жұмыс істейтін жұмысшылар үшін лагерлер бекітілді. Енді тек қаржыландыру жағы ғана қалды”, - деді ол. 
Өзгелердің жаңалығы