Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Ербол Нұрғалиев 1975 жылы 10 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заңгерлік университетін, 2018 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін бітірген.Еңбек жолын 1994 жылы Семей облысының Жарма ауданында Чапаев атындағы орта мектепте мұғалім болып бастады.
2002 жылы ШҚО Жарма ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі лауазымында болды.
2011 жылғы сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2015 жылы желтоқсанда Ақтөбе облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы болып еңбек етті. 2017 жылы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2018 жылдың қараша айынан қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.