"Еңбек" бағдарламасына қатысу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі

28 Қаңтар 2020, 23:02
1714
Бөлісу:
"Еңбек" бағдарламасына қатысу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады Елорда Инфо.

29 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының алаңында елорда тұрғындарының өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктіліктер алудың тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға, оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға бағытталған. Түсіндіру жұмыстары 29 қаңтар күні сағат 9.00-13.00 аралығында өтеді.
Өзгелердің жаңалығы