Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Олимпиаданың екінші айналымынан аса алмады

Бүгiн, 17:12
176
Бөлісу:
Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Олимпиаданың екінші айналымынан аса алмады
Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасының екінші айналымында ұтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы өзбекстандық балуан, 2022 жылғы әлем чемпионы Мұзафарбек Тұробаевтен жеңілді.

Кездесу 1:1 есебімен өрбіген, алайда, белдесу соңына қарай Шархан қарсыластан таза ұтылды.

Осылайша, қазақстандық дзюдошылар жекелей сында Париж Олимпиадасын аяқтады. Енді олар аралас командалық сында өнер көрсетеді.

Ал садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Дәулеткелді Жаңбырбай Париж Олимпиадасындағы жекелей сынға қатысты.

Дәулеткелді 1/32 финалда колумбиялық Хорхе Энрикемен кездескен болатын.  Аталған кездесу 7:3 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды.

Айта кетелік, бұған дейін Дәулеткелді Жаңбырбай Қазақстан сапында командалық жарысқа қатысып, Италиядан  4:5 есебімен ұтылды.

Жекелей сында тағы бір қазақстандық спортшы - Ильфат Абдуллин канадалық қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтаған еді.

Сондай-ақ Александра Ле мен Арина Алтухова Париж Олимпиадасындағы іріктеу сынынан өте алмады.

Екі спортшы 50 метрге үш позицияда нысана көздеуден сынға түсті. Өкінішке қарай, екеуі де финалға өте алмады.

Александра Ле 10, Арина Алтухова 13-орында. Финалға алғашқы сегіз спортшы өтті.

Өзгелердің жаңалығы