Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

Бүгiн, 01:24
103
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Францияның Париж қаласында дзюдодан Grand Slam санатындағы турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан финалдық кезеңге дейін жетті. Ол алғашқы айналымдардан сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда финалға шығу үшін өткен белдесуде украиналық Дильшот Халматовқа жол берді.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Бақытжан кубалық Джонат Чаронды жеңді.

Өзгелердің жаңалығы