Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар анықталды

19-21 маусымда өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 20 балуан қорғайды.

 Ұлттық олимпиадалық комитет Бүгiн 2026, 06:23
Бүгiн 2026, 06:23
140
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Халықаралық дзюдо федерациясы Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.

ҚР ҰОК мәліметінше, 19-21 маусымда өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 20 балуан қорғайды. Ұлттық құраманың тізімі төменде көрсетілген.

Ерлер

60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Мағжан Шамшадин

66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов

73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин

81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Асқар Нарқұлов

90 келіге дейін: Нұржан Бисенов, Айбол Нысанәлі 

100 келіге дейін: Марат Байқамуров

Әйелдер

48 келіге дейін: Ғалия Тынбаева, Диана Бүркеева

52 келіге дейін: Аружан Ережепова

57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет

63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Дамеля Асылханова

78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Наверх