Дзюдодан Қазақстандағы бірқатар жарыс өтпейтін болды

5 Қыркүйек 2020, 05:42
2008
Бөлісу:
Дзюдодан Қазақстандағы бірқатар жарыс өтпейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемияға байланысты Қазақстанда дзюдодан бірнеше маңызды доданың өтпейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлімдегендей, жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі өтпейді. Б. Махмұтовтың құрметіне арналған дзюдо жарысы 17-19 сәуір күндері Алматыда өтуі тиіс еді. Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер арасындағы ашық Азия кубогі өтпейді. Ол 3-5 шілде күндері Ақтауда жоспарланған болатын.

Сонымен қатар, үш Қазақстан чемпионаты да өткізілмейтін болған:

– 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты (27-30 наурыз, Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған);

– Спорт-интернат оқушылары арасындағы Қазақстан чемпионаты (1-6 мамыр, Орал қаласында жоспарланған);

– 2005-2006 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты (17-20 маусым, Түркістан облысы, Шардара қаласында жоспарланған).

Өзгелердің жаңалығы