Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингте жоғарылады

11 Наурыз 2019, 12:56
2271
Бөлісу:
Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингте жоғарылады

Астана, BAQ.KZ. 11 наурыз күні халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Гран При жарысынан кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Әлемдік Гран При жарысында жүлдегер атанған қазақстандық дзюдошылар жаңартылған IJF рейтингінде жоғары көтерілді. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес Гран При жеңімпазына әлем рейтингіне - 700 ұпай, күміс жүлдегерге - 490 ұпай, ал қола жүлдегерге - 350 ұпайдан қосылады.

Жарыстың күміс жүлдегері атанған қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбев (+100 кг) 51-орыннан 27-орынға, қола жүлдегер атанған - Ерлан Серікжанов (-66 кг) 11-орыннан 8-орынға көтерілді.

Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық дзюдошылар келесідей орналасқан (1-50):

60 кг

Елдос Сметов – 6 (4180)

Ғұсман Қырғызбаев – 10 (3229)

66 кг

Ерлан Серікжанов – 8 (3490)

Елдос Жұмақанов – 12 (3090)

73  кг

Жансай Смағұлов  – 12 (3024)

81  кг

Дидар Хамза – 15 (2653)

90 кг

Ислам Бозбаев – 10 (3392)

+100 кг

Ерасыл Қажыбаев –  27 (1392)

 Айта кетсек, Марокконың Мареккеш қаласында 8-10 наурыз күндері дзюдодан өткен әлемдік Гран При кезеңі өтті. Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола жүлдемен жалпы командалық медаль кестесінде 15-орынға тұрақтады. Жарысқа әлемнің 67 елінен 443 татами шебері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы