Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дзюдо: Есет Қуанов әлем чемпионатының 1/8 финалына өте алмады

15 Маусым 2025, 16:15
873
Бөлісу:
 ҰОК
Фото: ҰОК

Есет Қуанов дзюдодан әлем чемпионатында Олимпиада чемпионына есе жіберіп, 1/8 финалға шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Есет Қуанов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарысты екінші айналымнан бастады.

Алғашқы қарсыласы - 2024 жылғы Олимпиада ойындарының аралас командалар сайысында алтын, ал жекелей сында күміс медаль иеленген француз дзюдошысы Жоан-Бенжамен Габа болды.

Кездесу барысында Габа айқын басымдық танытып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша, Есет Қуанов 1/8 финалға өте алмады.

Өзгелердің жаңалығы