Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дзюдо: Ерасыл Қажыбаев Grand Slam турнирінде қола жүлдені иеленді

16 Ақпан 2025, 23:18
571
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Әзірбайжанның Баку қаласында өткен Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық олимпиадалық комитет таратқан мәліметке сәйкес, ол 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.

Қола медаль үшін болған белдесуде Қажыбаев грузиялық Саба Инанейшвилиден басым түсті.

Еске салайық, бұған дейін нысана атудан Таиландта өтіп жатқан Азия Кубогінде ел құрамасы көш бастағаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы