Дзюдо: Ел құрамасы Абу-Даби Grand Slam-де үш қола медаль иеленді

Бүгiн, 07:51
169
Бөлісу:
Дзюдо: Ел құрамасы Абу-Даби Grand Slam-де үш қола медаль иеленді
Фото: Дзюдо федерациясы

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Абу-Даби Grand Slam жарысында үш қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дзюдо федерациясы таратқан мәліметке сүйенсек, жарыстың алғашқы күні Әбиба Абужақынова (-48 келі) мен Дәурен Суюкенов (60 келі) қола медаль алса, соңғы күні +78 келіде күрескен Назгүл Маратова қола жүлде олжалады.

Қазақстан 3 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 11-орынмен аяқтады.

Айта кетерлігі, Назгүл Grand Slam турнирінің алғашқы медалін алды. Дәурен осындай турнирдің екінші медаліне қол жеткізді. Бұған дейін 2021 жылы Казанда қолаға қол жеткізген. Ал, Әбиба Grand Slam турнирлерінің сегізінші медалін қоржынға салды. Осыған дейін еншісінде 1 күміс, 6 қола медаль болатын.

Еске салайық, екі күнге жалғасқан әлемдік додаға 33 елден 236 спортшы қатысты.

Аталған турнирде Қазақстан намысын 13 татами шебері қорғады.

Өзгелердің жаңалығы