Джиу-джитсудан Азия чемпионатында қазақстандықтар сегіз медаль жеңіп алды

26 Ақпан 2023, 15:40
863
Бөлісу:
Джиу-джитсудан Азия чемпионатында қазақстандықтар сегіз медаль жеңіп алды
Фото: prosports.kz

Бангкок қаласында джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасында 7-ші Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлем чемпионатында еліміздің туы сегіз мәрте көтерілді. Самат Сәрсенұлы (56 келі), Әбу-Бәкір Жәнібек (62 келі) және Руслан Кенжеғара (69 келі) Азия чемпионы атанды. Жеңіс Нұрлыбаев (56 келі), Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (69 келі) және Жандос Нұрмұханбетов (85 келі) Азия турнирінің күміс жүлдегерлері деп танылды. Қола жүлделерді Бекзат Баймұратов (77 келі) пен Лев Винс (94 келі) жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы қазір медальдар бойынша жалпыкомандалық есепте екінші орында.

Турнир 28 ақпанға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы