Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Джей Лоның концертіне шегіртке де "келді"

11 Тамыз 2025, 12:41
1296
Бөлісу:
 әлеуметтік желіден
VIDEO
Фото: әлеуметтік желіден

Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінде күтпеген оқиға болды. Ән айтып тұрған әншінің мойнына шегіртке шығып алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Концертте үстіне жәндік жабысқанын байқаған поп-жұлдыз абыржымай, әнін айтып болған соң ғана оны қолымен алып тастаған.

Интернетте жарияланған кадрлардан шегірткенің әншінің көйлегіне секіріп, әрі қарай мойнына дейін жеткені көрінеді.

Ол мені қытықтап жатыр, - деп жымиған Джей ЛО.

Жанкүйерлер оның өзін-өзі сахнадан өте жақсы ұстағанын айтуда.

"Нағыз кәсіби маман", "Мен болсам айқайлап, сахнадан жүгіріп шығар едім, ал ол жай ғана сыпырып тастады", "Өте әдемі жасады, мен әлдеқашан сахнадан секіріп кетер едім", - деп жазды желі қолданушылары пікірлерінде.

Бұл жағдай Қазақстанда мемдер толқынын тудырды. Кейбір желі қолданушылары әлгі шегірткені 500 долларға (шамамен 269 500 теңге) "сатуды" ұсынды. Басқалары бұдан да креативті айырбас нұсқаларын айтты.

Джей Лоның концертіне шегіртке де "келді"

"Әлгі шегіртке әлдеқашан Астанадағы екі бөлмелі пәтерге айырбасталды", "Бастапқы баға: Алматыдан бір үй", "Одан алтын кулон жасау керек", -  деп қалжыңдауда желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін Джей Лоның командасы қазақтың ұлттық киімдерін киіп көрген болатын.

Сондай-ақ, Дженнифер Лопес ақтөбелік биші қыздардың видеосын өз парақшасында жариялағанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы