Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне жалған билеттер сатылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Билет сатылатын Тикетон сайты қазір істен шығып, билет алу мүмкін емес. Алайда белгілі бір жарнама беретін сайт концертке арзан бағада билет сатылатын көрсеткен.

Концертті ұйымдастырушы продюсер Мәлік Хасенов тыңдарманнан билетті басқа сайттардан алмай, ресми билет шыққанын күтуді ескертті.
Айта кетейік, 1 тамыз күні өтетін әлемдік әнші Дженнифер Лопестің концертіне билеттер бүгін сағат 11:00-де сатылымға шықты.