Джек Ма жоғалған жоқ

13 Қаңтар 2021, 06:26
1916
Бөлісу:
Джек Ма жоғалған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джек Ма жоғалып кеткен жоқ. Ол Бейжіңдегі биліктен қысым көрген соң, бой тасалауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Atameken Business шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Әйгілі миллиардер көрінбей кеткен соң, ол туралы ақпарат құралдары сан түрлі ақпарат таратып жатыр. Қытайдың коммунистік партиясы антимонополияға және капитал экспансиясына жол бермеу үшін Джек Маның «Алибабасын» ұлттық компанияға айналдыруға кіріскен еді. Сол үшін оның еншілес компаниясы Ant Group-ты IPO-ға шығармаған болатын. Осыдан кейін Джек Ма көрінбей кетті. Бұл өз кезегінде оған тиеслі компания құнды қағаздарының арзандауына алып келді.

Қазір Alibaba акциясы – 227 доллар. Соңғы екі күнде ол 9 долларға дейін түсті.

Джек Ма әлемдегі ең бай азаматтар тізімінде 25-орында. Дәулеті – 50 млрд доллар.

Өзгелердің жаңалығы