Джек Ма АҚШ-қа миллион маска жіберді

16 Наурыз 2020, 17:43
1492
Бөлісу:
Джек Ма АҚШ-қа миллион маска жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Alibaba компаниясының негізін қалаушы, Азияның ең бай адамы Джек Ма АҚШ-қа миллион маска жіберді.

Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

 Ол өзінің Тwitter-інде ұшақта түсірілген жүктің фотосымен бөліскен екен.

джек ма.jpg

Маска мен коронавирусты анықтайтын тестілердің бірінші партиясы Шанхайдан АҚШ-қа жіберілді. Америкадағы достарымызға бар жақсылықты тілейміз, - деп жазды ол.

13 наурыздағы жазбасында Джек Ма Америкаға миллион маска мен коронавирусты анықтайтын 500 мың тест жиынтығын жібергенін жазған еді.

l;tr vf.jpg

500000 тест жиынтығы мен миллион маска жіберіп, біз осы қиын уақытта америкалықтармен біріктік, - деп жазды бизнесмен.

Өзгелердің жаңалығы