Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Джефф Эрлих: Қазақстан жаңа идеяларды қабылдайды

Бүгiн, 11:19
177
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Қазақстандағы АҚШ сауда палатасының (AmCham Kazakhstan) атқарушы директоры Джефф Эрлих Астанада өткен Qazaqstan NEXT 2026 форумы ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шара ел экономикасының болашағын талқылау үшін негізгі сарапшыларды бір алаңға жинады.

Бүгін өте мықты спикерлер қатысып отыр, олардың қатарында АҚШ сауда палатасының мүшелері де бар. Бұл шараға өз үлесіміздің қосылып отырғанына қуаныштымын, - деді Джефф Эрлих.

Ол Қазақстанда тұрып жатқан уақыт ішінде елде диалог орнатуға деген қызығушылықтың арта түскенін байқағанын айтты.

Біз Қазақстанның жаңа идеяларды қабылдайтынын, әрі олармен бөлісетінін көріп отырмыз. Бүгін бәріміз дәстүрлі қазақстандық құндылықтардың қайта жаңғырып жатқанын байқап отырмыз. Қазақстан халқы мәдени алмасулар тұрғысынан әрдайым көш бастап келген деп ойлаймын. Қазір біз сол жаңғырудың заманауи түрде қайта көрініс тауып жатқанын көріп отырмыз. Бұл – дәл осындай іс-шаралар мен жаңа қадамдар арқылы жүзеге асып жатыр, - деді Эрлих.

Форумды KAZMEDIA HOLDING компаниясы American Chamber of Commerce in Kazakhstan ұйымымен әріптестік негізінде ұйымдастырды.

Еске салайық, елордада жаһандық трендтерге арналған Qazaqstan NEXT 2026 форумы өтуде. Айта кетерлігі, Qazcontent АҚ – форумның ресми медиасеріктесі болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы