Дүйсенова: Қоғамдағы діни сауаттылықты көтеру керек

11 Қазан 2023, 14:14
752
Бөлісу:
Дүйсенова: Қоғамдағы діни сауаттылықты көтеру керек
VIDEO
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова елдегі дін мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дін мәселесі – өте нәзік мәселе. Біріншіден, ол әр адамның өзінің танымы. Сондықтан біздің негізгі мәселеміз – азаматтың діни танымын емес, діни бірлестіктеріміздің жұмысын мемлекеттік реттеу. Діни бірлестіктердің жұмысын реттеу бойынша қазір теологтармен, діни бірлестіктердің өкілдерімен кездескенде 3 мәселені көтерді, - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда берген сұхбатында.

Сонымен қатар Тамара Дүйсенова бұл қандай мәселелер екендігіне тоқталды.

Бірінші мәселе – әлеуметтік желілердегі, әсіресе шетелдік контенттерге қауқарсыздығымыз, әртүрлі діндерді уағыздау, әртүрлі бағыттарды уағыздау мәселесінде бірге жұмыс істеу. Екінші – қоғамдағы діни сауаттылықты көтеру. Содан кейін мемлекеттік органдардың жалпы діни бірлестіктерді реттеу бойынша әлі де олқылық жұмыстары бар екені айтылды. Сондықтан осы 3 тараптан да діни бірлестіктердің өкілдері, теологтар және депутаттардың ұсыныстарын бірлесе отырып, Мәдениет және ақпарат министрлігі өздерінің пікірлерін сіздерге жеткізетін болады, - деді Дүйсенова.

Видео: Әсел Әбілбек

Өзгелердің жаңалығы