Дүйсенова мемлекеттік еңбек инспекторларымен жиналыс өткізді

4 Тамыз 2022, 18:50
1173
Бөлісу:
Дүйсенова мемлекеттік еңбек инспекторларымен жиналыс өткізді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар әкімдерінің орынбасарларының, мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен бейнебайланыс арқылы жиналыс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жиналыс барысында кәсіпорындарда еңбек жанжалдарының алдын алу, жұмысшылардың алдындағы берешекті өтеу, босатылатын жұмысшыларды жұмыспен қамту, өндірістік жарақаттану оқиғаларының санын қысқарту мәселелері қаралды. Осы бағыттағы проблемалық мәселелердің алдын алуға бағытталған кешенді шаралар пысықталуда.

Тамара Дүйсенова жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және оларды әлеуметтік сақтандырумен қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту барысында қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттілігіне баса назар аударды.

Министрдің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы және біліктілік деңгейі қатаң бақылауға алынады. Сондай-ақ өз лауазымдық міндеттерін толық көлемде орындамағаны үшін бірқатар облыстардың мемлекеттік еңбек инспекторларына ескерту жасалды.

Өзгелердің жаңалығы