Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 21 Қараша 2022 2022, 08:27
21 Қараша 2022 2022, 08:27
1916

Қазгидромет синоптиктері 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында – қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшеюі, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қалың қар, Түркістан, Алматы облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады.

Наверх