Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзіне қатысты Ресейде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің ресми Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кәсіпкердің айтуынша, іс «терроризмге жәрдемдесу» айыбымен байланысты.
Ресей маған қарсы “терроризмге жәрдемдесу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Билік күн сайын ресейліктердің Telegram-ға қолжетімділігін шектеу үшін жаңа сылтаулар ойлап тауып жатыр. Осылайша жеке өмірге қолсұқпаушылық пен сөз бостандығы құқығын тұншықтыруға тырыспақ. Өз халқынан қорқатын мемлекеттің өкінішті көрінісі, - деді Дуров.
Ол өзге мәліметтер келтірмеді. Бұл жағдайға қатысты әзірге Ресейдің ресми ведомстволары тарапынан түсініктеме болған жоқ.