"Дүрбелеңге берілмеңіздер". Қарағандылықтарға ескерту жасалды

Кеше, 11:20
3963
Бөлісу:
"Дүрбелеңге берілмеңіздер". Қарағандылықтарға ескерту жасалды
Фото: Артём Чурсинов - архив

18 қыркүйекте Қарағанды облысында тексеру үшін дыбыстық электр сиреналары іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын 18 қыркүйекте дыбыстық электр сиреналары іске қосылатыны туралы ескертеді.

Аумақтық деңгейдегі "Баршаның назарына!" сигналы бойынша хабарландыру жүйесінің дайындығын тексеру үшін 2024 жылдың 18 қыркүйегінде сағат 10:55-те барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Тыныштықты сақтап, дүрбелең мен қауесетке берілмеулеріңізді сұраймыз, – деп ескертті төтеншеліктер.

Өзгелердің жаңалығы