Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын команданың құрамына жеті павлодарлық енді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Қатаң іріктеуден өткен спортшылар овари, асық ату, орда, құраш, аба күресі бойынша шеберлік байқасады. Сонымен қатар, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар және құсбегі түрлері бойынша жеті азамат төреші ретінде қатысады.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Павлодар облысындағы амбассадоры Айбек Жұматовтың айтуынша, 2800-ден астам спортшының басын қосатын байрақты бәсеке түркі әлемі үшін олимпиадаға пара пар.
Мәселен, Павлодарлық Серік Ақтаев овари атты африкалық зияткерлік ойыны бойынша өнер көрсетпек. «Бұл ойынды ол қайдан үйреніп жүр?» деген заңды сұрай туындауы мүмкін. Бұл өзіміздің тоғызқұмалақ ұлттық ойынына өте ұқсас. Дегенмен, өңірде соңғы уақытта насихатталуда. Спортшылар халықаралық жарыстарда жүлдеге ие болып үлгерді. Менің ойымша, дүниежүзілік ойындар - көшпенді халықтардың мәдениеті, ұлттық спорт түрлерін әлемдік дейгеңде насихаттау және барынша таныту. Біз де қазақтың төл ойындарын халықаралық деңгейге көтерудегі тамаша мүмкіндік. Байрақты бәсекеге дайындық шеңберінде бірқатар спорттық инфрақұрылым да жаңартылды, - дейді Айбек Жұматов.
Халықаралық жарыста 89 мемлекеттік кіл мықтылары күш сынасады. Спортшылар 97 медаль жиынтығы үшін бәс тігеді. Ойындарға өңірдің мәдениет саласының өкілдері де қатысады. Олар этноауыл аясында «Өңірлік туризм» тақырыбы бойынша киіз үйлер орнатып, бірқатар шара ұйымдастырады. «Тау тұлғаларға тұғыр болған қасиетті Павлодар өңірі» көрмесінің экспозициясына көрнекті тұлғалардың жеке заттары қойылады.