Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аталып өтеді. Биыл ол "Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі" ұранымен өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу құрметіне Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты ашылу салтанатына ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов, Астана қаласы ТЖД бастығы Қуанар Базарбаев қатысты. Өзінің құттықтау сөзін шақырылған қонақтар Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов айтты.
Елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов қызметкерлерді мерекемен құттықтап, Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысқан елордалық құтқарушыларға ерекше алғыс білдірді.
Техника көрмесі мен көрсетілімі, құтқару жабдықтары мен техникаларын көрсету, "АҚ саласындағы үздік сурет", "АҚ саласындағыдағы үздік бейнеролик", «АҚ саласындағыдағы үздік плакат», сондай-ақ "Дүниежүзілік АҚ күнін өткізуге белсенді қатысқаны үшін" номинациялары бойынша байқауға қатысушы жеңімпаздарды марапаттау өткізіліп, іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
Азаматтық қорғаныс соғыс кезінде халықты қорғаумен ғана емес, сонымен бірге нәтижесінде қарапайым адамдар зардап шегуі мүмкін табиғи және техногендік апаттар кезінде және басқа да төтенше жағдайлардан азаматтарды құтқарумен айналысады. Сондай-ақ, осы оқиғалардың салдарын болдырмау және жоюмен ғана емес, осындай жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен де айналысады. Мәселен, ағымдағы жылы Департамент базасында азаматтық қорғау саласында қаланың түрлі ұйымдарынан 128 тыңдаушыға оқыту ұйымдастырылды, сондай-ақ қала нысандарында 194 оқу-жаттығу және сабақтар өткізілді, - делінген ведомство хабарламасында.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында Астана қаласының ТЖ департаменті халықтың (балалардың) қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттауға және азаматтық қорғау қызметтері орындайтын маңызды міндеттерге қоғамның назарын аударуға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі. Қаланың барлық өрт сөндіру бөлімдерінде өрт сөндіру техникасын, жабдықтары мен жарақтарын көрсете отырып "Ашық есік күні" ұйымдастырылды, сондай-ақ орта мектеп оқушыларының өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына баруы ұйымдастырылды. Елорда мектептерінде ашық сабақтар, флэш-мобтар, газқағар кию, зардап шеккендерді тасымалдау, алғашқы медициналық көмек көрсету, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану және т.б. сияқты спорттық эстафеталар ұйымдастырылды.
Қазір күн сайын әртүрлі табиғи және техногендік оқиғалар мен төтенше жағдайлардың туындау қаупі болған кезде, мұндай іс-шараларды өткізу өте өзекті. Бұл халықты белгілі бір қиын жағдайда өзін-өзі ұстау ережелеріне үйретуге, өмір қауіпсіздігі саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын тексеруге, күштер мен құралдарды қолдану жоспарларын және олардың тәжірибеде тиімділігін тексеруге, проблемалық мәселелерді анықтауға, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы бағыттың даму үрдерістерін талқылауға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу жөніндегі барлық іс-шаралар төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекеттер бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған.