Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дүкендегі қымбат баға: Артық төлемнен қалай сақтануға болады – маман кеңесі

Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Заңгер дүкенге барғанда кассадағы баға тауар таңбасындағы бағадан қымбат болса не істеу керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңгер Роман Чудинов егер кассадағы баға тауар таңбасындағыдан жоғары болса, бұл сатып алушының құқықтарын бұзу болып есептелетінін айтады.

Егер кассада тауар бағасы таңбадағы бағадан қымбат болып тіркелсе, сатып алушы ескі баға бойынша сатып алуды талап етуге құқылы, – дейді заңгер.

Оның айтуынша, сатушылардың «бағаны өзгертуге үлгермедік» немесе «жүйеде жаңа баға жазылған» деген дәлелдерінің заңды күші жоқ.

Дүкендегі тауар таңбасы – бұл жария ұсыныс. ҚР Азаматтық кодексінің 447-бабына сәйкес, сіздің тауарды дәл сол таңбада көрсетілген баға бойынша сатып алуға құқығыңыз бар. Қызметкерлердің мәліметтер базасындағы немесе қайта бағалау кезіндегі проблемалары сатып алушыға қатысты емес, - деп атап өтті юрист.

Сарапшы мұндай жағдайларды тұтынушылардың құқықтарын тікелей бұзу деп санайды. Сатып алушы дүкен қызметкерлері ішкі ережелерге немесе техникалық қателіктерге сілтеме жасаса да, жоғары бағаға келісуге міндетті емес. 

Ол тұтынушыларға өз құқықтарын қорғау үшін қарапайым және жүйелі әрекет етуге кеңес береді. 

Баға таңбасын фотоға түсіріп, әкімшіге көрсетіңіз. Сізге олар тауарды көрсетілген баға бойынша сатуға немесе айырмашылықты қайтаруға міндетті. Бұл заңды және тиімді тәсіл, - деп түсіндірді маман.

Роман Чудинов тұтынушылардың өз құқықтарын білуі ақша үнемдеудің және нарықты тәртіпке келтірудің ең тиімді жолдарының бірі екенін айтады.

Өзгелердің жаңалығы