Дубай әуежайынан түсірілген видеода перрондар мен ұшу-қону жолақтарын су басқаны көрініп тұр. Ондаған рейстердің ұшуы мен қонуы кешіктірілуде. Ал кейбір көшеде көліктер су астында қалып, адамдар қайықпен жүзіп жеткен.
Жауын-шашын мен су тасқынына байланысты әуежай жұмысы өзгерді. Рейстердің кешігуі келесі 24 сағат ішінде де жалғасуы мүмкін, - деп хабарлады әуежай басшылығы.