Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірқатар жергілікті құрылыс компаниясы өкілдерінің айтуынша, шаһар құрылысы бір немесе екі жылға тоқтатылуы мүмкін.
Бұған салынып жатқан үйлер санының шамадан тыс көп болуы себеп болып отыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Damac құрылыс компаниясының басшысы Хуссейн Саджванидің айтуынша, егер де осылай жалғаса беретін болса, онда қаланың экономикасына зор нұқсан келеді. Қазір Дубайдағы тұрғын үйлердің құны 30 пайызға арзандап кеткен. Билік осы жылы 30 мың үй салуды жоспарлап отыр. Ал халық тек оның тең жартысын сатып алуға қауқарлы, яғни ұсыныс сұраныстан екі есе артық.
Саджванидің пікірінше, ұсыныстың шамадан тыс артық болуы қала банктеріне де кесірін тигізбек. Өйткені Дубай экономикасы жылжымайтын мүлікке тікелей тәуелді.Тұрғын үй құнының төмендеуі ипотека алушылардың көбеюіне әкеліп соғып, оның арты кірістілікке кері әсерін тигізеді.