Дубайда өткен жарыста "Сұңқар" жауынгерлері бірінші орын иеленді

Кеше, 21:46
177
Бөлісу:
Дубайда өткен жарыста "Сұңқар" жауынгерлері бірінші орын иеленді
Фото: polisia.kz

Дубайда Тhe UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық жарыстары жалғасуда. Онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының арнайы бөліністерінің қызметкерлері бақ сынап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Сұңқар" бөлінісінің жауынгерлері жарыстың бірінші және үшінші күндерінің нәтижелері бойынша көш бастап, жеңісті жолды жалғастыруда.

Қазақстан ІІМ қызметкерлері"офицерді құтқару" деп аталатын үшінші кезеңнен сәтті өтіп, атыс дайындығы мен жауынгерлік ептілігін көрсетті. Нәтижесінде олар барлық сынақты 2 минут 11 секундта аяқтады. Полицейлер сайыста сынға түсіп жатқан әріптестерінің видеоларымен бөлісіп, қолдау көрсетіп жатыр. Отандастарының жеңісіне Дубайда жүрген біздің азаматтар да қуануда. Қазақстандағы көрермен де турнирді тікелей эфирде тамашалауда.

Бізді қолдаған жандардың бәріне рақмет. Жерлестердің лебізі бізге күш-жігер сыйлайды, - деді жауынгерлер.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің бірінші күні де "Сұңқар" командасы "алтын" жеңіп алған болатын.

Үш күннің қорытындысы бойынша ІІМ командасы турнирдің жалпы кестесінде екінші орынды иеленіп тұр. Одан бөлек, үздік онкоманданың арасында Ұлттық ұлан, "Sardar B" (МКҚ) және ҰҚК-ныңекі командасы (Arystan Team және SSN Aktau) бар.

Былтыр "Сұңқар" жауынгерлері ұйымшылдығымен ерекшеленген еді.

Қатысушылардың бірі аяғын сындырып алғанына қарамастан, команда мәре соңына дейін жетіп, көрерменнің көзайымына айналған болатын.

Өзгелердің жаңалығы