Ready4Trade Орталық Азия жобасы аясында Дубайда электрондық коммерция бойынша аймақтық конференциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл іс-шара 2023 жылғы 7-9 наурызда өтеді.
COVID-19 пандемиясының әсері және жеделдетілген технологиялық өзгерістер мен инновациялар бүкіл әлемде электрондық коммерцияның өркендеуіне әкелуде.
Орталық Азиядағы электрондық коммерция нарығының көлемі 2022 жылы 8,0 млрд АҚШ долларына жетті. Өсіп келе жатқан жоғары жылдамдықты интернет байланысы, әртүрлі смарт құрылғылардың кең таралуымен қатар, бірінші кезекте Орталық Азиядағы электрондық коммерция нарығын дамытуда. Электрондық коммерция платформаларының жасанды интеллект, машиналық оқыту, бұлтты есептеу сияқты әртүрлі озық технологиялармен интеграциясының артуы бұл нарықты одан әрі дамытуда.
Ready4Trade Орталық Азия жобасы Орталық Азия делегациясы үшін Дубайда екі күндік танысу іс-сапарымен конференция ұйымдастырады. Бұл іс-шара қатысушыларға білім алмасуға, мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті салаларын зерделеуге, ұлттық саясаттар мен нормативтік актілерді айқындауға және өңірлік сауда ынтымақтастығын дамытуға қажетті мүмкіндіктермен таныстырады.
Танысу іс-сапары барысында қатысушылар Дубайдың тапсырыстарды орындау орталықтарымен кездеседі және Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің әріптестік кеңесі арасында электрондық коммерция B2C көшбасшылары болып табылатын халықаралық ойыншылар мен Біріккен Араб Әмірліктерінің электрондық коммерциясының озық тәжірибесімен таныса алады. Мұнда онлайн сатып алушылардың 60%-дан астамы Дубайда тұрады. Сонымен қатар барлық электрондық коммерция тауарының 90%-ы импортталады. Бұл Дубайды серіктестіктерді іздестіруге және зерттеуге қолайлы нарық етеді.