Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дубайда 67 қабатты зәулім ғимарат өртенді

14 Маусым 2025, 18:16
940
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Дубайдағы әйгілі Dubai Marina ауданында орналасқан Tiger Tower тұрғын үй кешенінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

67 қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарынан басталған от тұтанып, бірден бірнеше қабатты шарпыған.

Жедел әрекет еткен төтенше жағдайлар қызметі ғимараттағы 764 пәтерде тұратын 3 820 тұрғынды толық эвакуациялады. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Қалалық билік өкілдерінің айтуынша, өртті сөндіру жұмыстары 6 сағатқа созылған. Қазір өрт толықтай ауыздықталған.

Оқиға салдарынан Dubai Marina мен Palm Jumeirah станциялары арасындағы көлік қозғалысы іркіліспен жүріп жатыр. Қала әкімшілігі тұрғындарға уақытша баспана беру мәселесін құрылыс компаниясымен бірлесе қарастыруда.

Айта кетейік, бұған дейін, наурыз айының соңында Абу-Дабидегі Yas Waterworld аквапаркінің құрылыс алаңында да ірі өрт шыққан болатын. Бұл жерде елдегі ең биік су сырғанауы бой көтеруі тиіс еді. Куәгерлердің айтуынша, өртке қарсы қызмет шұғыл әрекет етіп, қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтаған. Қауіпсіздік мақсатында полиция аквапарк маңындағы жолдарды уақытша жауып тастады.

Өзгелердің жаңалығы