Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 6 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.
Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 31 халықаралық әуе рейсі келді.
4 388 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4367 адам, анықтамасыз 21 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 450 жолаушы, анықтамамен - 2 430, анықтамасыз - 20;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 748 жолаушы, анықтамамен - 747, анықтамасыз - 1;
Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, 915 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 275 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 5 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша анықтамасыз келген 29 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.