Дубай әуежайы маңында дрон құлаған кезде төрт адам зардап шекті

Соққы салдарынан алты адам қаза тауып, 122 адам жараланған.

 ©BAQ.KZ архиві/Олжас Адай Бүгiн 2026, 16:13
Бүгiн 2026, 16:13
507
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Олжас Адай

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Дубай әуежайының маңына екі дрон құлағаннан кейін төрт адам зардап шеккен. Бұл туралы Дубайдың мемлекеттік медиа-офисі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оқиға 11 наурызда болған.

Гананың екі азаматы мен Бангладештің бір азаматы жеңіл жарақат алды, Үндістанның бір азаматы орташа дәрежедегі жарақат алды, - делінген хабарламада.

Құлаған ұшқышсыз ұшу аппараттары әуе қатынасына әсер еткен жоқ.

10 наурызда БАӘ-де Иран аумағынан жасалды деп болжанған ұшқышсыз аппараттар мен зымырандарды қолдану арқылы бірқатар шабуылдар болды.

Соққы салдарынан алты адам қаза тауып, 122 адам жараланды.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан БАӘ-ге жасалған шабуылды айыптады

Сондай-ақ, наурыз айының соңына дейін Дубайға ұшатын рейстер тоқтатылғаны хабарланды. 

Наверх