Дубайдың екі әуежайы 2 наурыз күні кешкі уақытта рейстерге шектеулі түрде қызмет көрсете бастайды. Жергілікті билік жолаушыларды рейсі расталмайынша әуежайға бармауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.
Аталған әуежайларда рейстер шектеулі режимде қабылданып, тек аз ғана әуе рейстеріне қызмет көрсетіледі.
Дубай әуежайларының басшылығының мәліметінше, дүйсенбі күні кешке әуежайлардың жұмысы шектеулі форматта қайта іске қосылады. Бұл ақпарат БАӘ билігінің медиа-офисінің хабарламасында айтылған.
Сонымен қатар жолаушыларға рейстері ресми түрде расталмайынша әуежайларға бармау жөнінде ескерту жасалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты Дубай әуежайы жұмысын уақытша тоқтатқан болатын.
Дубай халықаралық әуежайына шабуыл жасалды. Оқиға нәтижесінде күту залы аздап зақымданған, дегенмен жағдай тез арада оқшауланған.