Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

29 Наурыз 2019, 10:30
6877
Бөлісу:
Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic колледжі базасында дуалды оқыту бойынша баспасөз-турын ұйымдастырды.

Аталған шараға еліміз көлемінен 15-тен астам БАҚ өкілі қатысты.

Алғашқы күні колледждің оқу-әдістемелік және техникалық базасымен танысу өтті.

2011 жылдың сәуір айында Елбасы әлемдік деңгейдегі колледждер желісін құруды тапсырған болатын. Осы орайда жаңа колледждерді құру әрі халықаралық тәжірибені техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізуге бағытталған «Кәсіпқор» Холдингі құрылды. 2013 жылғы наурызда Холдингінің алғашқы жобасы – «APEC PetroTechnic жоғары колледжі» ЖШС ашылды.

«Ембімұнайгаз» АҚ-қа қарасты «Жайықмұнайгаз» мұнай өндіру басқармасымен бірлесе оқытылатын дуалдық жүйені 2013 жылдан бері қолға алып келе жатқан колледж базасы бүгінгі күні кемеліне келіп, толықтай жабдықталған.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

«APEC Petrotechnic – бұл сапалы деңгейдегі білім беру қызметтерін ұсынатын, мұнай-газ секторында жұмыс істеуге ниетті түлектерге арналған жоғары деңгейдегі колледж. Оқу орнының басқа оқу орындарынан ерекшелігі – білім ордасында шетелдік мұнай-газ компанияларының халықаралық стандарттары мен талаптарына негізделген жаңа білім беру бағдарламаларының пайдаланылуында» - дейді "Кәсіпқор" холдинг басқарма басшысы Күзенбаев Ермек.

Колледж студенттері ағылшын тілінде оқиды. Білім берудегі маңызды тұсы – оқыту әдісі.

«Колледждегі дуалды оқытудың арқасында оқытушылар студенттерді жұмыстың тәжірибелік дағдыларына баулып, оқу орнын бітірген соң түлек осы дағдылардың көмегімен жұмысқа оңай кірісіп кетеді. Бұл орайда колледж Қазақстанда шетелдік және отандық компаниялар қолданатын құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген» - дейді Ермек Күзенбаев.

Айтса айтқандай екен. Бұған дейін айтқанымыздай, 600 орындық 4 жатақханада студентке не керектің бәрі бар.

Жатақхананың жай-күйімен танысқаннан кейін біз бірден оқу-тәжірибелік орталықтарын араладық.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Мұнда барлық пән, соның ішінде техникалық сабақтар үш тілде қатар жүріледі. Біз келгенде физика пәнінің тәжірибелік кабинетінде студенттер түрлі радиотолқындарды анықтау тәжірибесін жасап жатыр екен.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Айта кетейік, бұл жерде барлық оқу мұнай-газ өндіру саласына бағытталған.

Бүгінгі таңда колледж студенттері «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы», «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», «Электрмен қаматамасыз ету» (салалар бойынша), «Мұнай және газ өндіру технологиясы», «Химиялық инженерия технологиясы», «Бақылау-өлшеу құралдары (БӨҚ) инжинирингі технологиясы» қатарлы мамандықтар бойынша білім алады.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

«Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы негізінде біздің тәжірибе орталығымыз толықтай цифрлық жүйеге ауысқан. Бұл білім аламын деген адамға таптырмайтын мүмкіндік. Сонымен қатар бізде күнделікті студенттермен бірге, түрлі компаниялардан біліктілігін арттыру үшін мамандар да жиі келеді» - дейді физика пәнінің оқытушысы.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Оның сөзіне біз осы кабинеттің ішінде тұрып-ақ көз жеткіздік. Әрбір студенттің жеке компютері бар. Физика саласына керектінің барлығы осының ішінде толып тұр.

Осы жерде ескерте кететін бір жағдай: Оқу мен оқыту сапасы үшін білім ордасы мен кәсіпорындар тең жауапкершілікті алады. APEC PetroTechnic Жоғары колледжінің студенттеріне арналған дуалды білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білікті мамандардан іріктелген «Жайықмұнайгаз» МӨБ қызметкерлері студенттерді оқытады.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Химиялық тәжірибе кабинетінде мұнай өнімдеріндегі су мөлшерін есептеп отырған Гүлнәр мен Айгүл осында білім алып жатқан 850 студенттің қатарында. Бұл жерде ешкім де бос уақытын өткізу үшін емес, нақты білім алу үшін химия пәнін оқу үрдісінде тәжірибе жасап көреді. Коресин құрамындағы суды арнайы химиялық құтыға құйып, оның құрамындағы су мөлшерін анықтау бүгінгі сабақтың тапсырмасы.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Ал мына жерде студент қыздар асфальттан, көмірден және мұнай шайыры (смола) мен таза мұнайдың өзінен суды ажырату барысын тәжірибеден өткізіп жатыр.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Айтпақшы, жаңа бос уақыт туралы айтып қалдық қой. Студенттер сабақтан тыс уақытта спорт залында түрлі ойындар ойнауға мүмкіндіктері бар.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Сонымен қатар, олар тренажерлық залда түрлі жаттығу жасауларына жағдайжасалған.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

APEC PetroTechnic колледжінің студенттеріне арналған шағын кофехана мен концерт залы да олардың уақытын тиімді өткізуіне, мәдени іс-шараларға да ат салуға мүмкіндік береді.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Колледжде тұрақты студенттерден бөлек түрлі компаниялардың қызметкерлері де келіп біліктілігін арттыратыны жайлы бұған дейін де айтқан болатынбыз.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

APEC PetroTechnic-тің оқу базасында біз барған кезде сондай бір топ маман білім алып жатыр екен. Қазақша, ағылшынша, орысша – үш тілде қатар білім алуға мүмкіндігі бар мамандар, қай тілді таңдаса да өз еріктерінде.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

"Кәсіпқор" холдинг басқарма басшысы Ермек Күзенбаевтың айтуына қарағанда бұл жерден күніне 250-300 қызметкер біліктілігін арттырады.

Қазір білікті маман, өз ісінің шебері болса да, «қанша өмір сүрсең, сонша білім үйрен» деген ұстанымды жанына серік еткен қызметкерлер еліміздің түкпір-түкпірінен де келеді екен.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Мұхтар Арқашбаев Қызылордадан келіпті.

«Келгенімізге бір аптадай болып қалды. Оқу қанша күнге жалғасса, сонша уақыт осында боламыз. Оқу ақысын жұмыс орнымыз төлейді. Мұнда шетелдік білікті мамандар келіп дәріс өткізіп жатыр. «Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз» дегендей, білмегенді білуге үйренудің еш ұяттығы жоқ және ешқашан кеш болмайды» - дейді Мұхтар.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Келесі кезекте біз APEC PetroTechnic-тің оқу-жаттығу шеберханасын араладық.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Мұнда қайнаған өмір десеңіз де болады.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Айтпақшы, бұл жерде ең бастысы адам өмірінің қауіпсіздігі. Сол себепті де кіреберісте барлығымызға қауіпсіздік бас киімі мен көзілдіріктер берілді. (Орталықтан кеткен кезде бұл баскиім мен көзілдірікті өзімізге сыйға бергенін де атап өткен жөн болар).

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Әуелі Бақылау-өлшеу құралдары (БӨҚ) инжинирингі технологиясы мамандығы бойынша оқу-тәжірибелік алаңымен таныстық. Мұнда студенттер әр түрлі құрылғылар арқылы білім алады.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Архат қазір 3-курста оқиды. Ол болашақта мұнайшы болсам дейді. Бүгінгі сабақта қарапайым моторды қосу қызметімен танысып отыр.

«Біз үшін бұл оқу дегеннен көрі, жұмыс деген дұрыс болатын секілді. Себебі, біз осы жерде тікелей жұмыс берушілердің өздерінен оқып үйренеміз. Екіншіден барлығын тәжірибелік, яғни, практика жүзінде, тура өндіріс барысындағыдай жағдайда жасап көреміз» - дейді ол.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

«Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» мамандығының оқу-жаттығу орталығы біз үшін шағын мұражай секілді әсер қалдырды.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Мұнай мұнараларының макеттері, мұнай кенін бұрғылау қондырғылары т.б. салалық құрал-жабдықтар бұл салаға қатысы жоқ жандар үшін музей экспонаттары іспетті.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Алайда, әрбір заттаң, әрбір сайманның өз міндеті белгіленген.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

«Chevron» компаниясының жастарға өмірлік дағдыларды үйрететін Life skills әлеуметтік жобасы мен STEM зертханасын 2018 жылдың желтоқсан айының соңында АРЕС-ке ауыстырған.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

3D принтерімен жабдықталған бірегей компьютерлік зертханалар және студенттерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету қолжетімді болады.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

«Колледж мұнай-газ өнеркәсібінің білім беру орталығы ретінде өзін жоғары деңгейде көрсете алады. Оған дәлел көптеген жеке компаниялар негізінде жұмыс істейтін оқу орталықтарын колледжге орналастыруға және материалдық-техникалық базаны жақсартуға шақырады» - дейді оқу-тәжірибе орталығының маманы Нұржан Аманқосов. 

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Оқу-жаттығу орталығында БАҚ өкілдері судың құрамынан спиртті ажырататын құрылғымен, тербелмелі мұнай насосымен танысты.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Біздің келесі бас сұққан орталық – дәнекерлеу, кесу, тегістеу орталығы болды.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Бұл жерде сабақ өтіп жатқанына қарамастан, аса сақтықпен жұмыс істеу талап етіледі.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Дәнекерлеу кезінде көз жанарын қорғау аса маңызды.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Бұл жерде даярланған құбырлар қалыңдығына байланысты, мұнай тасымалдауға, ауа өткізуге, су ағызуға т.б. өндірістік орындарда пайдаланылады.

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

БАҚ өкілдері APEC PetroTechnic-тің оқу-жаттығу шеберханасын шыққан соң Исатай ауданында орналасқан «Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндіріс орнына аттанды.

Өзгелердің жаңалығы