ДСМ: Жаңа жылдық кешке бармас бұрын ойланыңыздар

22 Желтоқсан 2021, 12:14
1478
Бөлісу:
ДСМ: Жаңа жылдық кешке бармас бұрын ойланыңыздар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біздің ортақ міндетіміз – пессимистік сценарийдің дамуына жол бермеу. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Үкімет отырысынан кейін кулуарда Айжан Есмағамбетова мәлім етті. 

Біз болжамымызды әр екі апта сайын жаңартып отырамыз. Оптимистік сценарий бойынша келер жылдың қаңтар айында күніне 650, ал пессимистік сценарий орын алған жағдайда күніне 3000 адам инфекция жұқтырады деп есептейміз. Жаңа жылдық мереке кезінде жыл басынан айтып келе жатқан профилактикалық іс-шаралар тәртібін сақтамасақ пессимистік сценарий болтынын алатыны анық. Қалай болжасақта індетті тараптау әрқайсымыздың өз қолымызда, -деді Есмағамбетова. 

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, вакцинациядан бөлек санитарлық тәртіпке аса мән берілуі керек. 

Сондай-ақ комитет төрағасы жаңа жылдың корпоративтік кешке барар алдында ойлануға шақырды. 

Коронавирус әлі кеткен жоқ. Қазіргі таңда инфекция мутациясын жалғастырып келеді. Өкінішке қарай «омикрон» штамы туралы нақты сенімді деректер жоқ. Бүгінде әртүрлі зерттеулер бар. Алайда, бәріміз бұл штамның жұқпалы екенін білеміз. Мұндай қауіпті індеттің таралауы өзімізге байланысты. Әрқайсымыз корпоративтік іс-шараға барар алдында ойланатын. Барсақта сол корпоративтік профилактикалық іс-шараларды мұқият сақтасақ, бақылауға ала алатындай сценарийдің болуына мүмкіндік көбейеді, -деді ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы