Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "КВИ жағдайына байланысты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі: баға, сапа, халықты қамтамасыз ету" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.
Маска тағу нормасы санитарлық ережелерде министрдің бұйрығымен бекітілген. Маска тақпауға рұқсаты барлар қатарында: 5 жасқа дейінгі балалар, ашық ауада спортпен шұғылданатындар (бес адамнан артық емес) бар, - деді вице-министр.
Людмила Бюрабекованың сөзіне пікірін қосқан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қазақстандықтарға бойында қандай да бір дертінің бар екенін растайтын құжатты өзімен бірге алып жүруді ұсынды.
Масканы мүмкіндігі шектеулі адамдар, денсаулығына байланысты проблемалары бар балалардың тақпауына болады. Біз бұл тізімді жарияладық. Негізінен, ата-аналар баланың (ересектер де) бойында қандай да бір дертінің бар екенін растайтын құжатты өздерімен бірге алып жүргені жөн. Егер мұндай құжат жоқ болса, онда, әрине, санитарлық инспекция инспекторлары мен полициялардан тұратын мониторингтік топ бұған түсіністікпен қарайды, - деп қорытындылады Қожахметов.