Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 17 маусымдағы ақпаратты таратты.
17 маусымдағы мәлімет бойынша 21 132 адам коронавирус инфекциясынан (19 980 КВИ+ және 1 152 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 6 468 пациент стационарда,
- 14 664 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 435 адамның жағдайы ауыр,
- 111 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 73 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр,
- 12 науқас қайтыс болды.