ДСМ карантиндік шараларды жеңілдету жоспарын әзірлеп жатыр

21 Шілде 2020, 17:13
1715
Бөлісу:
ДСМ карантиндік шараларды жеңілдету жоспарын әзірлеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Қазір елдегі тәуліктік сырқаттану деңгейі 1600-1700-дің айналасында тұрақты болып тұр. Қазіргі таңда көрсеткіштер жаман емес. Әзірге болжам жасау қиын. Жағдай тұрақталады деп үміттенеміз. Жалпы, бұған дейінгі болжамдарымыздың пессимистік бағытта болғанын көріп отырмыз (Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қыркүйек айында күніне 2,5 мың жұқтыру жағдайы күтілген болатын - автор), динамика жүріп жатыр, - деді министр. 

Сондай-ақ, ол министрлік карантиндік шараларды жеңілдету жоспарын дайындап жатқанын жеткізді. 

Біз үшін маңыздысы – бұдан кейінгі жағдай. Қазір біз карантиндік шараларды жеңілдетуді, жағдайды тежеп ұстау жолдарына қатысты жоспар дайындап жатырмыз. Карантин уақытша, содан кейін қалыпты өмір басталады, біз мемлекеттің қай бағытқа жылжитынын білуіміз керек, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін министр Қазақстанға 100 жылжымалы медициналық кешен жеткізу жоспары бар екенін және 10 миллион теңге өтемақыны қанша медицина қызметкері алатынын мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы