Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ баспасөз қызметі ел бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 18 сәуірдегі ақпаратты таратты.
18 сәуірдегі мәлімет бойынша, 37 749 адам коронавирус инфекциясынан (37 294 КВИ+ және 455 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 526 пациент стационарда, 24 223 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 20 науқас көз жұмды, - делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 671 адамның жағдайы ауыр;
• 171 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сонымен қатар министрлік COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі де ұсынды.
2021 жылғы 16 сәуірдегі мәлімет бойынша 81 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған. 89 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 51 844, өлім жағдайлары - 750, барлығы 50 639 адам сауығып шықты.