ҚР ДСМ баспасөз қызметі 3 наурызда коронавирусқа шалдыққан науқастар жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 3 наурыздағы ақпарат 3 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 698 адам коронавирус инфекциясынан (–1 539 + және 159 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 115 пациент стационарда, 1 583 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 3 наурызда 86 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.