Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 21 қыркүйектегі ақпаратты жариялады.
21 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 68 803 адам коронавирус инфекциясынан (–60 242 + және 8 561 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 381 пациент стационарда, 56 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 987 адамның жағдайы ауыр, • 261 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.