Дрон шабуылдаған мұнай құбырының шығынын кім өтейді? – министр жауабы

Бүгiн, 17:51
377
Бөлісу:
Дрон шабуылдаған мұнай құбырының шығынын кім өтейді? – министр жауабы
Фото: pixabay.com

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Каспий құбыр консорциумының (КҚК) қазіргі жағдайы тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, қазіргі таңда шығынды өтеу жұмыстары кәсіпорын өз қаражаты есебінен жүзеге асырып жатыр. КҚК-ға келген шығынды анықтауға қазақстандық мамандар да қатысқан.

Кәсіпорынның зақымдануы туралы есеп ұсынылды, ол қазақстандық тарап және акционерлермен келісілді. КҚК-ның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін шамамен 1 миллион тонна мұнай сақтайтын ірі резервуар бар. Бүгінде қазақстандық мұнайды қабылдау шектеусіз жүріп жатыр. Бұл үшін бірқатар шешім қабылданды. Жүк тиеу белгіленген уақытта, ал танкерлерді толтыру бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылып жатыр, - деді министр ведомствоның БАҚ өкілдеріне арналған брифингінде.

Еске салсақ, 17 ақпанда Қазақстан мұнайы тасымалданатын құбырды дрондар атқылғанын, апат салдарынан Қазақстанның мұнай экспорты 30 пайызға төмендеуі мүмкін екенін жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы