Дрон арқылы көпір құрылысы мен жол өтпелері цифрландырылады

2 Тамыз 2023, 17:16
1186
Бөлісу:
Дрон арқылы көпір құрылысы мен жол өтпелері цифрландырылады
Фото: автордан

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары көпірлер мен өткелдердің цифрлық базасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұндай база әлемнің дамыған елдерінде кеңінен тараған. Мамандардың пікірінше, бұл сапалы әрі сенімді көпірлерді анықтауға мүмкіндік береді. Аталған жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мақұлдаған.

Дрон арқылы көпір құрылысы мен жол өтпелері цифрландырылады

Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарда барлығы 1500 мыңға жуық көпір құрылымы бар. Олардың барлығы цифрландырылады. Алайда, біздің басты міндетіміз — жыл соңына дейін толық жұмыс істейтін жүйе құру. Сондықтан әзірге түсінікті болу үшін тек 20 көпірді енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл бізге бағдарламаның алгоритмдерімен және нақты мысалдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жүйе дайын болғаннан кейін сарапшылар жүйені қалған көпірлермен толықтыра бастайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, уақтылы және тұрақты диагностика, сонымен бірге бақылау мен талдау ақауларды ерте кезеңдерде анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Осылайша, көпірлер мен басқа объектілерді күтіп ұстау шығындарының айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізуге болады, - дейді “ҚазжолҒЗИ” АҚ жол құрлысы материалдарының және жаңа технологиялар департемнтінің директоры Әсел Нұғманова.

Дрон арқылы көпір құрылысы мен жол өтпелері цифрландырылады

Айта кетейік, “ҚазжолҒЗИ” АҚ мамандары Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының көпірлерін тексерістен өткізген. Атап айтқанда, Қарқара ауылының жанындағы «Көкпек-Кеген-ТЮП» жолындағы көпір, Сарыжаз ауылының жанындағы «Кеген-Нарынқол», Алматы облысы Көктал ауылының жанындағы Есік және Сарыөзек-Көктал ауылының жанындағы «Алматы-Талғар-Бәйдібек би» тексерілген.

Дрон арқылы көпір құрылысы мен жол өтпелері цифрландырылады

Жүйе дайын болғаннан кейін сарапшылар жүйені қалған көпірлермен толықтыра бастайды. Көпірлерді пайдалануды басқару жүйесін 2023 жылдың желтоқсанында тәжірибелік тұрғыда пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Айта кетерлігі, қазақстандық көпірлер, жол айрықтары және автомобиль мен теміржол жолдары арқылы өтетін жол өткелдері туралы деректер әлі күнге дейін мемлекеттік органдарда қағаз құжаттарда сақталады. Бұл стратегиялық жол объектілерін зерттеу, жөндеу, жаңғырту, реконструкциялау және олардың құрылысын жоспарлау және жүргізу жөніндегі жұмысты қиындататқан еді. Алдағы уақытта әрбір объектінің паспорттық деректерін тексеріп, нәтижелерін жинақтайтын ақпараттық жүйе болады деген сенімдемін, - дейді “ҚазжолҒЗИ” АҚ баспасөз хатшысы Айнаева Адина.

Дрон арқылы көпір құрылысы мен жол өтпелері цифрландырылады

Дрондардың көмегімен республикалық маңызы бар автожолдардағы барлық көпір құрылысы мен жол өтпелері цифрландырылатын болады.

Дрон арқылы көпір құрылысы мен жол өтпелері цифрландырылады

Көпірлердің цифрлық базасын құру барысында Дания, Финляндия, Германия, Норвегия, Оңтүстік Африка, Швеция, Швейцария және Ұлыбританияның тәжірибесіне сүйенген.

Өзгелердің жаңалығы