Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Дресс-код – ақ түс": Backstreet Boys-тың Астанадағы концерті ерекше өтпек

10 Шілде 2025, 12:22
765
Бөлісу:
 backstreetboys.com
Фото: backstreetboys.com

Астанада өтетін әлемдік Backstreet Boys тобының концертіне қатысты тың дерек белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Бұл туралы «Астана концерт» компаниясының директоры Мәлік Хасенов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

2025 жылы Backstreet Boys Лас-Вегастағы ауқымды кешенде өнер көрсетеді. Онда әлемдегі ең үлкен LED-экран қойылады. Backstreet Boys тобы 21 концерт береді деген қызықты дерек бар. Тағы бір айта кететін жайт, 21 концертке билеттің барлығы небәрі 1 күн ішінде сатылып кеткен. Бұл – әлемдегі ең көп сатылымға ие тур екенін көрсетті, - деп атап өтті Мәлік Хасенов.

Айтуынша, әйгілі бойз-бэндтің концертінде көрермендер арасында ерекше үрдіс қалыптасқан.

Танымал бойз-бэндтің турының тағы бір ерекшелігі – барлық көрермен ақ дресс кодты сақтап, концертке аппақ киім киіп келеді. Біз де осы үрдісті қолдап, ақ киіммен келулеріңізді сұраймыз. Бұл – өте әдемі және ерекше қалдыратыны сөзсіз, - деді спикер.

Бұған дейін Backstreet Boys концертіне билет қанша теңге тұратыны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы