Досымжан Таңатаров – Жастар театрының директоры

6 Мамыр 2023, 04:48
1638
Бөлісу:
Досымжан Таңатаров – Жастар театрының директоры
Фото: Астана мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Досымжан Таңатаров Астана әкімдігінің Жастар театры директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл қызметті актер Әділ Ахметов атқарды.

Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Мәдениет қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисті, Президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бастап Жастар театры директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Өзгелердің жаңалығы