Тоқаев Еуропалық комиссияның вице-президентін «Достық» орденімен наградтады

2 Шілде 2019, 18:01
1842
Бөлісу:
Тоқаев Еуропалық комиссияның вице-президентін «Достық» орденімен наградтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Федерика Мария Могериниді І дәрежелі «Достық» орденімен наградтау туралы қаулы етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жан-жақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Еуропалық комиссияның вице-президенті – Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Мария Могерини І дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын», - деп қаулы етті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Өзгелердің жаңалығы