DOSTI SKILLS AKTAU 2025: Болашақ дағдыларының алаңы

27 мамыр – 4 маусым аралығында Ақтау қаласы халықаралық шеберлік, инженерлік ой және технологиялық ынтымақтастықтың нағыз орталығына айналады. DOSTI SKILLS AKTAU 2025 – бұл кәсіби шеберліктің жаңа деңгейін көрсететін ауқымды чемпионат, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 Мамыр 2025 2025, 21:20
АВТОР
 әлеуметтік желі/ашық дереккөз 20 Мамыр 2025 2025, 21:20
20 Мамыр 2025 2025, 21:20
893
Фото: әлеуметтік желі/ашық дереккөз

27 мамыр – 4 маусым аралығында Ақтау қаласы халықаралық шеберлік, инженерлік ой және технологиялық ынтымақтастықтың нағыз орталығына айналады.
DOSTI SKILLS AKTAU 2025 – бұл кәсіби шеберліктің жаңа деңгейін көрсететін ауқымды чемпионат, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Сауд Арабиясы және Аустриядан келген 120-дан астам қатысушы, 31 шетелдік сарапшы мен қонақтар қатысады. Командалар заманауи индустрияның өзекті бағыттары бойынша білім, тәжірибе және технологияны тоғыстыра отырып, болашақтың жаңа стандарттарын ұсынбақ.

Бұл жай ғана жарыс емес, бұл нақты инженерлік міндеттер шешілетін, шынайы таланттар сыналатын және шығармашылық дәлдік басты рөл ойнайтын платформа. Мұнда ертеңгі күннің технологиялық көшбасшылары қалыптасады.

Наверх