«Достар» лигасының  жеңімпазы анықталды

28 Қараша 2022, 11:01
773
Бөлісу:
«Достар»  лигасының  жеңімпазы анықталды
PHOTO
Фото: автордан

Қостанайда «Достар» көңілді тапқырлар кулубы лигасының маусымдық жеңіпазы анықталды,  деп хабарлайды  Қостанай облысындағы baq.kz  тілшсісі.

Аталмыш ойында сынға түскен кіл мықтылар 1,5 млн теңге үшін барын салды. Олай дейтініміз биылғы жылдың «Достар» көңілді тапқырлар кулубы лигасының маусымдық жеңіпаздарына дәл осындай сыйақы тағайындалған болатын.

«Достар»  лигасының  жеңімпазы анықталды

 Жалпы алғанда жыл бойы «Достар» лигасының 1/8, 1/4, 1/2 және арнайы ойындар. «Әкім кубогы» үшін қызықты ойындар өтті. Жалынды жастардың басын қосқан бұл жоба осы жылдың ішінде өз нәтижесін берді.Сонымен қатар, ойыннан тыс жас командылар үшін КТК ойындары бойынша  республикал спикерлер Ілияс Көпжасаров , Арнат Өтепберген,Татьяна Шагапова , Ринат Шагапов , Есбол Бекболатовтар өз тәжірибесімен бөлісіп, дәрістерін оқыды. Оның сыртында осы салада жүрген облыстық спикерлердің қатысуымен он шеберлік сағаты өтті,- дейді Қостанай облысының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Абай Дүйсеков.

«Достар»  лигасының  жеңімпазы анықталды

«Достар» лигасының маусымның басындағы ойындарына 16 команда қатысыпты. Содан іріктелген 4 команда ақтық мәреге жолдама алып, өз бақтарын сынады. Олар «Soltustik», «Камышовый рай» , «ИП Руслана Фазылбековича» , «Сборная Житикары» КТК командалары. Қазылар алқасының шешімімен ақтық мәрде өнер көрсеткен төрт команды арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесідегідей.

«Достар»  лигасының  жеңімпазы анықталды

1 орын «Солтүстік»- 700.000 тенге, 2 орын «ИП Руслана Фазылбековича»- 500.000 тенге, 3 орын «Камышовый рай» - 300.000 тенгені қанжығаларына байланды.

«Достар»  лигасының  жеңімпазы анықталды
Өзгелердің жаңалығы